Қылмыс

ШҚО-да ер азамат туған анасын ұрып өлтірді

  • https://ulpravda.ru/

    https://ulpravda.ru/

Шығыс Қазақстан облысында өз анасын ұрып өлтірген азамат алты жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

 

Оқиға Риддер қаласында орын алған.

 

60 жастағы азамат анасының айтқан сөзін жақтырмай, оны соққының астына алған. Ішінен теуіп, басынан ұрған.

 

Жарақат алған зейнеткер ауруханаға тек ертесі күні түсіпті. Кейуананы көрген дәрігерлер жағаларын ұстағанын айтады. Зардап шеккен тұрғынның басы мен өкпесіне зақым келіп, ағзасында қан кеткен. Бұған қоса, бірнеше сүйектері де сынған.

 

Кейуана көп ұзамай алған жарақаттарының кесірінен көз жұмған.

 

Өз анасын ұрып өлтірген азамат кінәсін мойындапты.

 

Сот оны қылмыскер деп тауып, алты жылға түрмеге жапты.

 

"Сот айыпталушының жасын, екі тараптың келісімге келгенін, бұрын азаматтың сотталмағанын, жәбірленуші жақтың сөзін ескере отырып, оны алты жылға бас бостандығынан айыру туралы шешімге келді. Екі тарап бұл шешіммен келісті, сондықтан сот үкімі заңды күшіне енді", - деді Риддер қалалық сотының судьясы Айнұр Рахимова.

 

 




Көрілген: 774    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.05.2021, 03:06

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31