ШҚО-да құрамында алтын бар кен ұрлаған екі адам ұсталды

24 ақпан 2022, 09:30

Риддерде құрамында алтын бар 20 келіден астам кенді ұрлаған екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың ақпан айының басында Риддер қ. ПБ-ға 2022 жылғы қаңтар айының соңында Риддер кенішінің аумағында қаланың 36 және 31 жастағы тұрғындарынан салмағы 21 кг 525 грамм құрамында алтын рудасы бар қаппен ұсталғаны туралы ЖШС-нің хабарламасы келіп түсті. Кәсіпорынға келтірілген шығын 435 000 теңгені құрайды.

“Жауап алу барысында, күдіктілер кінәларын мойындады. Оқиға орнынан заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Ер адамдар арқанның көмегімен ашық өткел арқылы кеніштің шахтасына түскені анықталды. Кейін қаптарды кенмен толтырып, сыртқа шықпақ болған кезде, кәсіпорын күзетшілерінің қолына түскен.

Қазіргі уақытта күдіктілер ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жүр.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК – нің 24-бабы 3-бөлігі, 188-бабы 2-бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, баптың санкциясымен 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген”, – делінген ведомство хабарламасында.