Қылмыс

Шу ауданында қарақшылар кәсіпкерге қару кезеніп, ақша талап еткен

  • Шу ауданында қарақшылар кәсіпкерге қару кезеніп, ақша талап еткен

    Шу ауданында қарақшылар кәсіпкерге қару кезеніп, ақша талап еткен

Жамбылдық полиция қызметкерлері Шу ауданы кәсіпкерлерінің біріне қарақшылық шабуыл жасағаны үшін облыстың 29 және 34 жастағы екі тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

15 қарашада 49 жастағы тұрғын полицияға атыс жарақатымен жүгініп, түнде медициналық бетперде киген белгісіз екі адамның үйдің ауласына кіріп, қару кезеніп, ақша талап еткенін хабарлаған.

«Үй иесінің үнсіздігі, сондай-ақ кенеттен отбасы мүшелерінің үйге оралуынан есі шыққан қарақшылар оқиға орнынан қашып кетпек болған. Қудалаудан қорыққан олардың біреуінің атқан оғы үй иесіне тиген. Күдікті ретінде облыстың 29 және 34 жастағы 2 тұрғыны ұсталды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды» делінген облыстық ПД баспасөзь қызметінің мәлімдемесінде.

Күдіктілер өз кінәсін мойындап, қамаққа алынды. Қару тәркіленіп, бірқатар сараптамалар тағайындалды.




Көрілген: 635    Пікірлер: 0

сенбі, 21.11.2020, 01:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31