Қылмыс

Шу тұрғындарының көлігінен 100 келіге жуық марихуана табылды

  • Шу тұрғындарының көлігінен 100 келіге жуық марихуана табылды

    Шу тұрғындарының көлігінен 100 келіге жуық марихуана табылды

Жамбылдық полицейлер Шу қаласының тұрғындарынан 96 келіден астам есірткі тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қарасора-2021» және «Канал» республикалық жедел-алдын алу іс-шаралары барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің есірткі қылмыстарымен күрес басқармасының қызметкерлері Шу-Меркі автожолында «Ауди» көлігін тоқтатты.

«Шу қаласының тұрғындары болып табылатын 35 жастағы жүргізуші мен 46 жастағы жолаушыны және көлікті тексеру кезінде жүк салғыштан төрт қап табылып, оның ішінен жалпы салмағы 96 келі 900 грамм «кептірілген марихуана» есірткі заты анықталды», - деп хабарлады Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.

ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Аталған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Ұсталғандар кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.




Көрілген: 572    Пікірлер: 0

жексенбі, 27.06.2021, 17:38

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30