Полиция Шудағы атысқа байланысты пікір білдірді. Онда қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бір адамның іздестіріліп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы ішкі істер министрлігінің Тelegram-арнасы жазды. Дерекке сүйенсек, аталған қылмысты жасағаны үшін Төле би ауылының 22 жастағы тұрғыны анықталған. Қазір күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.
Прокуратураның қадағалауымен, қылмыстық кодекс нормаларымен рұқсат етілген уақыт бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Жақын арада оқиғаға тікелей қатысқан және жеткізілген адамдарға қатысты заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады, — делінген ақпаратта.
Сондай-ақ, полицияда қылмыстық іске байланысты 99 баптың 3 бөлігі (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны айтылады.
Еске салайық, Экспресс К бұған дейін қарулы атыстан қаза тапқан және жапа шеккен жастардың ата-аналары қылмысқа кінәлілердің бостандықта жүргеніне шағымданғанын жазған еді.