Шымкент кафесінде болған атысты ұйымдастырушы жазаланды

14 сәуір 2021, 09:33

Шымкентте кафеде болған атысқа қатысты іс аяқталды, - деп хабарлайды "Astana.tv" телеарнасы.

Сотталғандар бірден бірнеше бап бойынша кінәлі деп танылды. Оның ішінде "кісі өлтіру" және "денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" баптары бар. Атысты ұйымдастырушы 18 жылға сотталды. Ол оқ атуды бұйырған, делінген айыптауда. Оның серіктесі 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Екеуі де ең жоғары қауіпсіздік колониясында жазасын өтейді.

Айта кетейік, 2019 жылы Шымкенттегі кафелердің бірінде атыс болып, бір адам қаза тапты. Тағы бесеуі жарақат алды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде таралған еді.

"Оқ жарақатынан жәбірленуші Қ.Бакиров қылмыс болған жерде қаза тапты, оның таныстары А.Барпиев пен М.Жолшыбеков ауыр дене жарақатын алды, ал Б.Жетпісбаев орташа ауыр дене жарақатын алды", - деді Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы Абинур Қарабаев.

kaz.tengrinews.kz