Шымкент полициясы желіден 50 порносайт анықтап, бұғаттады

31 қазан 2020, 13:16

Шымкент полициясы 50 порносайт анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы қалалық полиция департамент жариялады.

27-28 қазан аралығында Шымкент қаласында полицияның ақпараттық технологиялар саласындағы заң бұзушылықты тиімді анықтап, жолын кесу үшін "Hi-tech" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.

 "Іс - шара барысында Шымкент криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері порнографиялық сипаттағы материалдарды жариялаған 50 сайтты анықтап, жедел бұғаттады", - делінген ресми хабарламада.

Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, желі пайдаланушыларына қатысты алаяқтық әрекеттердің жеті фактісі анықталды, олар бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу жүргізіліп жатқан ақпаратты жасырын алудың арнайы техникалық құралдарын заңсыз дайындау, сатып алу, сату немесе пайдалану фактісі анықталды.

Stan.kz