Қылмыс

Шымкент тұрғыны әкесін өлтірген адамды өз қолымен жазалады

  • © Sputnik / Рамиль Ситдиков

    © Sputnik / Рамиль Ситдиков

Сайрам аудандық соты Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Қасақана кісі өлтіру" бойынша айыпталған 1959 жылғы өзбек азаматына қатысты шешім шығарды. Күдіктіні марқұмның туыстары ұстапты, оған да шұғыл медициналық жәрдем қажет болды.


Белгілі болғандай, өзбекстандық бір жыл бойы Түркістан облысы Сайрам ауданына келіп, жергілікті тұрғынның қол астында жұмыс істепті. Соңғы рет келгенінде қожайынмен есептесуді жөн көреді, бірақ жұмыс беруші бас тартқан екен.


Жанжалдың арты төбелеске ұласып, өзбек азаматы ер адамды темір арматурамен өлгенше сабап тастайды. Әкесінің айғайлаған дауысына келіп жеткен жігіт күдіктінің үстінен түсіп, тағы да төбелес шығып, бұл жолы өзбекстандықтың өзі ауыр жарақат алған.


Ол аудандық аурухананың жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Қазір оны полицейлер күзетіп отыр.


Жұмысшысының қолынан ажал құшқан ер адамның ұлына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол адамның денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін жауап береді.


Sputnik


 




Көрілген: 514    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.05.2019, 10:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30