Қылмыс

Шымкент тұрғыны әйел адамды қонаққа шақырып, зорлаған

  • https://www.bbc.com/

    https://www.bbc.com/

Шымкентте полиция департаментінің басшысы Ералы Жұмаханбетов зорланған әйелдің ісін өз бақылауына алып, жәбірленушіні қабылдады, – деп хабарлайды polisia.kz.

 

23 мамырға қараған түні Шымкент қаласында ер азамат 37 жастағы әйелді үйіне қонаққа шақырып, мастықпен ұрып-соғып, зорлаған.

Артыншла әйелдің өзі полицияға жүгініп, жәбірленушінің сіңілісі әпкесінің жағдайын айтып, белгілі құқық қорғаушы Дина Тансаридің көмегіне сүйенген.

 

Жәбірленуші бұл жағдайда полиция өзін қорғап қалатынына үміттенетінін айтады.

 

– Жәбірленуші әйелді 25 мамыр күні таңертеңгі сағат 11-де өзім жеке қабылдадым. Сол кезде өзіне де әйелді зорлаған кез келген адам заң алдында тиісті жазасын алатынын айттым. Түптеп келгенде, бұл біздің – ол әйелдің алдындағы, оның отбасы алдындағы, жалпы азаматтар алдындағы борышымыз. Әйелге жасалған зорлық түбі – қатаң жазаға әкеп соғатынын әр адам түсінуі керек. Мысалы, ол біреудің анасы, қызы, апасы, я болмаса құрбысы боп келеді. Әйел зорлаған адам заң алдында тиісті жазасын алады, – деді Шымкент қаласы ПД басшысы Ералы Жұмаханбетов.

 

Қазір осы қылмысқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 1-бөлігі (зорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Күдікті полицияға жеткізілді.

Тергеу кезінде оның өз үйінде ішімдік ішіп, жәбірленушіні ұрып-соғып, артынша зорлағаны да белгілі болды.

Мамандармен тиісті сараптамалар жасалып жатыр, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

 

 

 




Көрілген: 2486    Пікірлер: 0

сенбі, 30.05.2020, 20:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31