Қылмыс

Шымкентте 19 жастағы жігіт қарияны бауыздап, видеоға түсірген

  • Көрнекі фото: ekaraganda.kz

    Көрнекі фото: ekaraganda.kz

Шымкентте 19 жастағы жігітке адам денсаулығына ауыр зиян келтіріп, өлтірді және марқұмның ақшасы мен заттарын ұрлады деген айып тағылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Шымкент мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сот үкіміне сілтеме жасап.

 

Үкімде 2020 жылдың 7 қарашасы күндіз сотталушы өз атасының "Қайнар Бұлақ" саяжай массивінде қонақта болғаны айтылады. Ол демалыс орнында атасының замандасымен ішімдік ішкен. Ал саяжай иесі өз жұмыстарымен кеткен.

 

Осы уақытта жігіт пен жасы келген азаматтың арасында кикілжің туындайды. Олар ара-қатынасын шешу үшін қаңырап бос тұрған саяжайға кетеді. Қыз-қыз қайнаған жігіт қарсыласын әбден соққыға жығады.

 

Артынша әрең қимылдап қалған қарияны атасының саяжайына әкеліп, жуындырып, үстелге отырғызады. Олар тағы ішімдік ішіп, жанжалдаса бастайды.

 

Екіншісінде жас жігіт ашуға булығып, бөтелке сынығымен қарсыласының тамағын кесіп жібереді. Оның қайтыс болғанына көзі жеткен соң ол мобильді телефонын қосып, сүйіктісіне мақтану үшін құрбанын видеоға түсіре бастайды.

 

Ал артынша марқұмның қалтасын ақтарып, ұялы телефоны мен 60 мың теңгесін ұрлап алады. Атасы оралғанда жігіт бөтелкелесін бауыздап тастағанын айтып, қалаға қайтып кетеді.

 

Сот жігітті Қылмыстық кодекстің 99 - бабы (Кісі өлтіру), 106- бабы (Денсаулыққа ауыр зиян келтіру) және 188- бабы (Ұрлық) бойынша кінәлі деп тапты.

 

Ол 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Өз жазасын қауіпсіздігі аса жоғары колонияда өтейді.

 

Жігіттің жастығы мен оң мінездемелер және сотталушының өз ісіне өкінуі жазаны жеңілдетуге әсер еткен.

 

Ал қылмысты мас күйінде жасауы жазаны ауырлатып отыр.

 




Көрілген: 463    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.04.2021, 18:03

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Сәуір, 18:30
    Құдаша үшін қырғын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31