Шымкентте 20 жастағы бойжеткенді буындырып өлтірген

21 қазан 2020, 17:39

Шымкенттегі тұрғын үйлердің бірінен қыздың өлі денесі табылды. Полиция хабарлағандай, қыздың мойнында қылқындыру іздері байқалған. Күдіктіні құрықтады, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі.

 

Шымкенттік қыз екі сыныптасының айуандық әрекетінен кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болды.

 

 Шымкенттің 18-ші шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінен белгісіз қыздың денесі табылғаны туралы хабарлама полицияға 19 қазанда келіп түсті.

 

-"Тексеру барысында жәбірлеaнушінің жеке басы анықталды. Бойжеткен, 2000 жылы Түркістан облысында туған. Мойын аймағын тексеру кезінде қылқындыру іздері табылды. Сот-медициналық сараптама жәбірленушінің өлімі қылқынудан болғанын растады", - деп хабарлады Шымкент полиция департаменті.

 

Аталған факті бойынша сол күні адам өлтіру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында Түркістан облысының 1997 жылы туған тұрғыны күдікке ілінді.

 

Қазіргі уақытта күдіктіге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.