Қылмыс

Шымкентте 70 жастағы әйелді зорламақ болған қала тұрғыны іздестіріліп жатыр

  • Шымкентте 70 жастағы әйелді зорламақ болған қала тұрғыны іздестіріліп жатыр

    Шымкентте 70 жастағы әйелді зорламақ болған қала тұрғыны іздестіріліп жатыр

Шымкентте егде әйелді зорламақ болған адамның кім екені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

17 желтоқсанын күні шамамен сағат 23:15 кезінде Еңбекші аудандық полиция басқармасына қарт әйелге көмек керек деген шақырту келіп түсті.

Оқиға орнына шұғыл келген жедел тергеу тобы үйдің кіреберісінде белгісіз біреудің 1950 жылы туған әйелді зорламақ болғанын анықтады.

«Сол күні аталған жайт ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі-120-бабы 1-бөлігі (зорлауға әрекет ету) бойынша тіркелді. Қабылданған шаралардың арқасында күдіктінің кім екені анықталды. Ол - Шымкент қаласының тұрғыны. Бұған дейін бірнеше рет сотты болған. Оны ұстауға бағытталған барлық қажетті шаралары жасалып жатыр» делінген хабарламада.

Айта кету керек, оқиға «Қазақтелеком» көмегімен үйдің кіреберісіне орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Аталған камера Шымкент қаласы полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған.




Көрілген: 263    Пікірлер: 0

жексенбі, 20.12.2020, 10:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31