Қылмыс

Шымкентте автобус жүргізушісін соққыға жықты – полиция бұзақыны ұстады

  • Шымкентте автобус жүргізушісін соққыға жықты – полиция бұзақыны ұстады

    Шымкентте автобус жүргізушісін соққыға жықты – полиция бұзақыны ұстады

Полиция қызметкерлері жол үстінде жанжал шығарып, автобус жүргізушісіне қол көтерген адамды анықтады

Шымкент қаласының криминалдық полиция қызметкерлері автобус жүргізушісін ұрған тұрғынды ұстады.

Полицияның хабарлауынша, "Volkswagen Golf" автокөлігі мен "Kia Comby" автобусының жүргізушілері бір-біріне жол бермей, жанжал шығарған. "Volkswagen Golf" көлігінде отырған жолаушылардың бірі автобус жүргізушісіне қол жұмсап, бетінен бірнеше рет ұрады. Осыдан кейін олар оқиға орнынан асығыс кетіп қалған.

Жәбірленуші болған оқиға жайлы дереу полицияға хабарлайды.

"Бұл факті қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қажетті сараптама белгіленді", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ұсталған азамат жергілікті тұрғын болып шықты. Полиция оның әрекетінің онша ауыр еместігін есепке алып, бұзақыны ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатты.

sputniknews.kz

 




Көрілген: 236    Пікірлер: 0

жұма, 07.02.2020, 21:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31