Қылмыс

Шымкентте әйелді кіреберісте зорламақшы болған ер адам ұсталды (видео)

  • © AP Photo / Patrick Semansky

    © AP Photo / Patrick Semansky

Шымкент полицейлері қаладағы көппәтерлі үйлердің бірінің кіреберісінде әйелді зорламақшы болды деген күдікке ілінген ер адамды ұстады.  Бұл туралы ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

"Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтауға және оны ұстауға бағытталған бірқатар шара қабылдады. Соның нәтижесінде күдікті кеше ұсталды. Ол 1985 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты", - деді Ораз онлайн брифингте.

 

Тергеу кезінде ол әйелдің күртешесінен 8 мың теңгеге жуық ақшаны алып кеткені де анықталды. Ер адам өз кінәсін толығымен мойындады.

 

"Қазіргі кезде күдікті Шымкент қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау абақтысына қамалып, сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Қылмыс дәлелденсе, 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін", - деді Ораз бүгінгі онлайн брифингте.

 

Күдіктінің қамалған сәтін видеоның 4 минут 35 секундынан бастап көруге болады.

 

 

Айта кетейік, Шымкентте үйдің кіреберісінде ер адамның әйелді есінен тандырып, оны зорламақ болған сәті видеоға түсіп қалған болатын. Бұл туралы "Не молчи KZ" қоғамдық қоры хабарлады. Видеодан подъезге кірген ер адамның әйелді артынан келіп буындырып, есінен тандырғанын көруге болады. Одан кейін қаскөй әйелдің шалбарын шешуге ұмтылады, осы жерден бақылау камерасына түсірілген видео үзіледі.

 

 

Оқиға 17 желтоқсан күні болған. Еңбекші аудандық полиция басқармасына сағат 23:15-те қарт әйелге көмек керек деген шақырту түскен. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы үйдің кіреберісінде белгісіз біреу 1950 жылы туған әйелді зорламақшы болғанын анықтаған.

 




Көрілген: 486    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.12.2020, 13:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31