Қылмыс

Шымкентте Бекзат Саттархановтың бауырын өлтіріп кетті

  • https://oinet.kz/

    https://oinet.kz/

Түркістан облысындағы таэквандо федерациясының төрағасы, спорт шебері Егізбай Жанғалидің өлімі туыстары үшін әлі де болса құпия қалып отыр, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі Informburo.kz-ке сілтеме беріп.

 

Осыдан бір ай бұрын 32 жастағы таэквандо шеберін Шымкенттегі кафе маңында әлдебіреулер аяусыз соққыға жығып, өлімше етіп ұрып кеткен. Марқұм Егімбай олимпиада чемпионы, 20 жасында жол апатынан мерт болған Бекзат Саттархановтың немере бауыры екен.

 

Жанғалидің жары Ләззат Құрбаниязованың тергеу амалдарына көңілі толмайды. Сол күні кешкісін күйеуіне ұжымындағы жаттықтырушы тынымсыз хабарласып туған күнін тойлауға шақырған. Сағат 4-тер шамасында қайтуға бет алған Жанғалиға әлдебіреулер тиісіп, соңы төбелеске ұласқан деп отыр жұбайы. Оның ақыры күйеуінің өлімімен аяқталған.

 

Сондай-ақ Ләззат Құрбаниязова жолдасының ұжымдасы үйіне келгенде оқиғинаы басқа баяндап, сотта тергеушілердің көзінше мүлде басқаша айтып отырғанына аң-таң.

 

Жанғалидің артында үш баласы қалған. Жастайына спортқа құмар Жанғалидің ғұмыры осымен аяқталғанына әке-шешесі әлі де сене алмай отыр.

 

Әкесі төбелес кезінде өзі секілді жаттықтырушы болып қызмет еткен досының баласына көмек қолын созбағанына да күмәнмен қарайды. Қалай дегенмен де таэквандодан шебер, аға жаттықтырушы ұлы Жанғалидің көшедегі екі бұзақының жалаң қолынан қаза тапты дегенге сену қиын.

 

Плицейлер марқұмның аталған іскен көңілі толмаған туыстарының уәждерін тыңдап, істі қайта қарап, зерделеуге уәде етті.

 




Көрілген: 247    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.07.2020, 15:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30