Қылмыс

Шымкентте белгісіз адам жергілікті тұрғынның басын таспен ұрып өлтіді

  • https://yandex.ru/

    https://yandex.ru/

Шымкентте белгісіз адам жергілікті тұрғынның басын таспен ұрып, көшеге тастап кеткен. Салдарынан 63 жастағы жәбірленуші көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық оқиға кешкі сағат 21:30-да шамасында болған. Абай ауданы Полиция басқармасының жедел тергеу тобы аталған оқиға орнына жетіп, жәбірленушіге дене жарақаттарын салған күдіктінің бой тасалағанын анықтаған.

 

Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында жергілікті полиция қызметі және Патрульдік полиция полкінің №810 автоэкипажының қызметкерлері күдіктіні ізін суытпай анықтап, ұстады. Ол 1979 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

 

«Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігімен «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» тіркелді. Алайда адам өліміне байланысты қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігінен 99-бабының 1-бөлігіне қайта сараланды», - делінген хабарламада.

 

Күдіктіге Шымкент қаласы мамандандырылған тергеу сотымен «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды.

 

 




Көрілген: 308    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.08.2020, 01:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30