Қылмыс

Шымкентте жалдамалы пәтерден қан-жоса болып жатқан қыздың мәйіті табылды

  • Шымкентте жалдамалы пәтерден қан-жоса болып жатқан қыздың мәйіті табылды

    Шымкентте жалдамалы пәтерден қан-жоса болып жатқан қыздың мәйіті табылды

Ол пәтерді үш күнге жалға алған. Қыздың денесін үйдің иесі тапқан. Күдіктілер мен куәгерлер іздестіріліп жатыр

Шымкентте жалдамалы пәтерден қыздың мәйіті табылды.


Өңірлік "Отырар" порталының хабарлауынша, қыздың денесін 25 қараша түнгі сағат 01.30-да тапқан. Марқұм шамамен 20-25 жаста.

Пәтер иесі марқұмның үйді 3 күнге жалға алғанын айтты. Ол пәтерді жігітімен бірге болуы да мүмкін. Артынша екеуінің арасында жанжал шыққан деген болжам айтылды.

Алғашқы екі күнде қыз пәтер иесімен байланысқа шыққан, ол марқұмның даусынан ерекше ештеңе байқамағанын айтады.

Алайда үшінші күні телефон қоңырауына жауап бермеген, соған байланысты пәтер иесі дабыл қақты. Қосымша кілтпен есікті ашқан үй иесі еденде қан-жоса болып жатқан қыздың денесін көрген.

Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері оның денесі пәтер ішінде шамамен бір күн жатқанын айтты.

Түні бойы оқиға орнында жедел уәкілдер жұмыс істеді. Күдіктілер мен куәгерлер іздестіріліп жатыр. Полиция кісі өліміне қатысты басқа ақпарат таратпады.

sputnik.kz




Көрілген: 4691    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.11.2021, 19:49

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қаңтар, 21:48
    Бес кеденші сотталды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31