Қылмыс

Шымкентте жолаушылар көлік иесін өлтіріп, өртеп жіберген

  • Шымкентте жолаушылар көлік иесін өлтіріп, өртеп жіберген

    Шымкентте жолаушылар көлік иесін өлтіріп, өртеп жіберген

Шымкентте жолаушылар көлік иесін өлтіріп, өртеп жіберді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2020 жылдың 18 қазанында сағат 11.00 шамасында Шымкент ПД Абай АІІБ кезекші бөліміне Түркістан көшесі бойында мемлекеттік белгісі жоқ ақ түсті Daewoo Nexia маркалы автокөлігі тұрғаны туралы хабарлама келіп түсті.

 
Жедел тергеу тобы оқиға орнын тексеру барысында автокөліктің ішінен 2 дана ойыншық тапанша, 1 метр темір арматура, 2 дана автокөліктің мемлекеттік белгісі және 1 дана тізесі тұсында қызыл түсті қан дақтары бар көк түсті ер адамның джинсы шалбары анықталған.

Сол күні аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігімен және 99-бабы 2-бөлігінің 7-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

"Жедел іс шараларын жүргізу барысында аталған көлікке жолаушы болып отырған екі ер азамат, көлік иесіне пышақ жарақатын салып, Ақ тас елді мекенінде орналасқан қоқыс тастайтын жерге апарып, қылмыстық әрекетінің ізін жасыру мақсатында сол жерде мәйітті өртеп жібергені анықталды. Күдіктілер анықталып, ұсталды, олар - 1994 және 1998 жылы туған Түркістан облысының тұрғындары", - деп хабарлады Шымкент ПД баспасөз қызметінде.




Көрілген: 358    Пікірлер: 0

сенбі, 24.10.2020, 12:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31