Қылмыс

Шымкентте кәмелетке толмаған 7 қыздың ісі сотта қаралған

  • Шымкентте кәмелетке толмаған 7 қыздың ісі сотта қаралған

    Шымкентте кәмелетке толмаған 7 қыздың ісі сотта қаралған

Өткен жылы Шымкентте «Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау» бабымен 7 жасөспірім қызға қатысты іс қалалық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның екеуі жүкті болып қалған. Сот төрағасы Дәурен Сайхановтың айтуынша, 7 қыздың бірі 16 жаста болған. Онымен төсектес болған 30 жастағы ер азамат 2,5 жылға бас бостандығынан айырылыпты. Ал 15 жастағы тағы бір жасөспірім және онымен жыныстық қарым-қатынаста болған 19-дағы жігіттің ата-аналары өзара келісіп, шаңырақ көтеріпті. Сондықтан оған шартты түрде жаза берілген екен.

Шымкент қалалық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы он екіде бір гүлі ашылмаған қыздардың "абыройынан" айырылуы аңғалдықтың салдарынан дейді. Себебі ер азаматтар оларды алдап-арбап, тіпті сыйлықтар беріп, арбауына түсіреді екен. Бұдан өзге сот төрағасы мұндай жағдайдың алдын алуға отбасындағы тәрбиенің әсері мол екенін алға тартады.

«Бұл үлкен мәселе. Мынау істерді қарап отырмыз, көбінесе қыздар аналарына жақын болмайды-ау деп ойлаймын. Аналары сырласпайды. "Аалданып қалма" деп ақыл-кеңесін айтып отыру отбасында ата-ананың міндеті. Себебі мектеп өз жұмысын атқарып отыр», - деді Дәурен Сайханов.




Көрілген: 1617    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.02.2021, 00:51

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30