Қылмыс

Шымкентте кәсіпкерді өлтірген киллер ұсталды (видео)

  • Фото: otyrar.kz

    Фото: otyrar.kz

Шымкентте бизнесменнің өліміне оның әріптесі тапсырыс берген. Бұл туралы қылмысты істеген күдікті ұсталған соң белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.


Қалалық ПД Қылмыстық полиция басқармасының қызметкерлері 7 қыркүйекте жедел іздестіру шаралары кезінде кәсіпкерді тапсырыспен өлтірген адамды ұстады.


Қылмыс 19 шілдеде кәсіпкердің үйінің маңында болған. Оны өлтірген Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Сот күдіктіні қамауға алу жөнінде бұлтартпа шарасын қолданды.


"Тергеу барысында қылмыс тапсырыспен жасалғаны белгілі болды, қайтыс болған адамның серіктесі ортақ фирманың бюджетінен ірі көлемде ақша жұмсап тастаған. Қылмысқа тапсырыс берген адам биыл 25 шілдеде ұсталды, ол өз кінәсін толық мойындады", - деді департаментте.


Қазір тергеу жалғасып жатыр.


Естеріңізге салсақ, қайтыс болған 55 жастағы кәсіпкер арнайы техниканы жалға берумен айналысқан. Оның Lexus көлігін коммуналдық қызметкерлердің киімін киген бір топ адам аңшылық қарумен атып кеткен. Желіде осы қылмыстың ықтимал видеосы жарияланған болатын.



 


 


 




 




Көрілген: 424    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.09.2019, 11:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30