Қылмыс

Шымкентте кәсіпкердің өліміне қатысты тың дерек шықты

  • © Photo : Предоставлено департаментом полиции Шымкента

    © Photo : Предоставлено департаментом полиции Шымкента

Шымкентте кәсіпкерді өз үйінің маңында тапсырыспен өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Күдікті 7 қыркүйек күні ұсталды. Ол Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.


Сот санкциясымен күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.


Тергеу барысында анықталғандай, бизнесменді өлтіруге тапсырысты марқұмның серіктесі берген. Ол ортақ фирманың бюджетінен ірі мөлшерде ақша алып, оны өз пайдасына жаратып қойған.


Қылмысқа тапсырыс беруші осы жылдың 25 шілдесінде ұсталды. Кінәсін толық мойындады. Қазір ол қамауда отыр.


Тергеу амалдары жалғасып жатыр.


Еске сала кетсек, қылмыс биыл 19 шілде күні Шымкенттегі Арай көшесінде жасалды. Түскі сағат 15.30 шамасында бизнесменнің Lexus маркалы көлігіне белгісіз біреу оқ жаудырған.


 




Көрілген: 412    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.09.2019, 13:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30