Қылмыс

Шымкентте көңілдесін балғамен ұрған азамат қамалды

  • https://kz.otyrar.kz/

    https://kz.otyrar.kz/

Шымкентте көңілдесін балғамен ұрды деген азамат қамалды. 24 жастағы келіншектің бетінің сау-тамтығы жоқ. Құрбысының айтуынша, Екатеринаға озбырлық жасаған Умид есімді жігіт. Төбелестің болғанын көршілері де растап отыр.

 

Илона Маркичева, жәбірленушінің көршісі: «Мен Катяның балаларына қарап үйінде болғанмын. Бір кезде құрбысы жүгіріп келіп, Катяны ұрып кетті деді. Артынша өзі кірді. Түрін танымайтындай қылып ұрып тастаған. Бет-аузының бәрі қан. Балғамен ұрды дегенді кейін естідік».

 

Оқиға түнде болған. Екатеринамен бұрын бірнеше жыл бірге тұрған Умид анда-санда келіп тұрады екен. Біраз уақыттан бері көрінбей кеткен еркек бұл жолы әйелдің үйіне ішіп келіпті. Жанжалдың неден шыққаны белгісіз.

 

Ал полиция күдіктіні тәулік өтпей ұстады. 24 жастағы әйелдің одан некесіз туған 7, 4 және 3 жастағы ұл-қызы бар. Бұрын да талай мәрте ішіп келіп, тепкінің астына алатын еркекке қатысты Екатерина жергілікті учаскелік полицейге 5 мәрте шағымданыпты. Бірақ, олар әрекет етпеді деп отыр. Мұны енді Шымкенттің полиция департаменті тексермек. Ал, қамауға алынған күдікті азаптау бабымен тергеліп жатыр.

 

Дәулеткелді Әбдіраманов, Шымкент қалалық ПД тергеу басқармасының бастығы:

 

«94 жылғы азамат ұсталды. Кінәсін толық мойындап тұр қазіргі таңда. Ұсталған кезде шұғыл шараларында мас хәлде. Медициналық айықтырғышқа жеткіздік. Оның ішкілікке бейім, беріліп кеткен азамат деп есептеледі. Бұл бойынша азаматша 96 жылғы азаматқа дене жарақатын салған».

 

kz.otyrar.kz

 




Көрілген: 346    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.10.2020, 02:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30