Қылмыс

Шымкентте қорқытып несие алғызып, жалған құжаттар жасағандар сотталды

  • Шымкентте қорқытып несие алғызып, жалған құжаттар жасағандар сотталды

    Шымкентте қорқытып несие алғызып, жалған құжаттар жасағандар сотталды


Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотында 30 жастағы Родион мен 24 жастағы Жеңіске қатысты сот үкімі шықты. Екі жігіт жастарға несие рәсімдеуге мәжбүрлеп, ақшаны иемденіп кетіпті. Сондай-ақ, оларға есірткі және қаруды заңсыз сақтау бойынша айып тағылған деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ.


Қылмыскерлер өз мақсатын іске асыру үшін екеуара келісіммен Шымкенттің оқу орындарынан 16-18 жастағы жігіттерді арнайы іздеп тауып, оларға психологиялық қысым жасаған.


Көнбеген жағдайда қоқан-лоққы көрсетіп, қорқытқан екен.


Тіпті қала сыртына шығарып, ұрып соққан. Жәбірленушілерді ақша мен заттарды несиеге алдырып, өздері тартып алып жүріпті.


Қылмыстық жұп жарты жылдай осылай тайраңдап келген. Жарты жыл ішінде 5 адамға зәбір көрсетіп, 7 млн-ға жуық теңге мен заттарды қорқытып алғаны анықталды.


Олар жәбірленушілерді бір жарым млн теңгеге дейін несие алуға мәжбүрлеген. Ал несиеге рәсімдеткен қымбат телефонды бірден өздері иемденіп алыпты.


Жасы он сегізге енді толып, әлі жеке куәлік алмаған бозбаланы тездетіп куәлік рәсімдетіп жарты млн теңгеге несие алғызған. 

Қылмыстық жұп әккілігінің арқасында ұзақ уақыт тәртіп сақшыларынан сытылып кетіп жүріпті.


Жәбірленушілер болса туыстарына да ештеңе айтпай, бәрін жасырып келген. Банктер мен сауда үйлеріндегі бейнекамералар қылмыстық жұпты құрықтауға сеп болған.


Ұсталған сәтте сотталушылардың үйінен заңсыз сақталған қару, құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде жасалған жалған құжат, енді бірінің үйінен есірткі тәркіленген.


Шымкент қаласы Еңбекші аудандық соты бұл қылмыстық әрекеттері үшін екеуін де кінәлі деп тауып, 6 жылдан әрқайсысына бас бостандығынан айыру жазасына кесті.



 




Көрілген: 470    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.05.2019, 12:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30