Қылмыс

Шымкентте куәгерлердің көзінше ұрланған қыз табылды

  • Шымкентте куәгерлердің көзінше ұрланған қыз табылды

    Шымкентте куәгерлердің көзінше ұрланған қыз табылды

Шымкентте полицейлер өткен түнде қаланың 18 шағын ауданында ұрланған қызды тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар-24" телеарнасына сілтеме жасап.

Ұрлаушылардың жеке басы анықталды. Оқиғаның мән-жайын полицейлер анықтап жатыр. Алдын ала болжам бойынша, қызды үйлену үшін алып қашқан.

"Аталған факті бойынша 126-баптың 2-тармағының 1-бөлігі - "Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен бас бостандығынан айыру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Шымкент қалалық полиция департаменті Тергеу басқармасының бастығы Дәулеткелді Абдраманов.

 
Қызды ұрлаған сәт түсірілген видео әлеуметтік желілерде 29 наурызда пайда болды. Куәгерлердің айтуынша, көп қабатты үйлердің бірінің ауласында бірнеше ер адам қызды мәжбүрлеп көлікке отырғызып, белгісіз бағытта алып кеткен.

Қыз қарсылық көрсетіп, көмек сұрады.

"Менің терезем көшеге қарайды. Жарты шақырым жерде болды. Айқай болды. Қыз айқайлады. Мен секіріп түстім, ол айқайлап жатыр деп ойлаймын. Содан кейін тағы бір қыз айқайлай бастады, артынан. Сосын көлік күрт бұрылып, жоғары жылдамдықпен кетіп қалды", - деді шағын аудан тұрғыны.




Көрілген: 894    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 31.03.2021, 08:32

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Сәуір, 18:30
    Құдаша үшін қырғын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31