Қылмыс

Шымкентте курстас қызын зорлап, видеоға түсірген екі жігіт сотталды

  • Шымкентте курстас қызын зорлап, видеоға түсірген екі жігіт сотталды

    Шымкентте курстас қызын зорлап, видеоға түсірген екі жігіт сотталды

 Шымкентте бірге оқитын курстасын зорлап, оны таспаға түсіріп, қыздан ақша бопсалағандарға сот үкімі шықты, - деп хабарлайды "Отырар".


Қаладағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелет жасқа толмаған бойжеткенге зәбір көрсеткен қос жігітті 5 жылға бас бостандығынан айырды.


Еске салайық, оқиға былтыр 21-қазанда, сағат 13-00 шамасында болған. Қасына досын ерткен 17 жастағы жігіт өзімен бір топта оқитын қыздың үйіне қонаққа барады. Бойжеткеннің үйінде ата-анасы жоқтығын пайдаланған олар қызға қитұрқы ұсыныстарын айтады. Оның үзілді-кесілді бас тартқанына қарамай, әлгі жолдас жігіт екеуі оны сол мезет зорлаған. Жігіттер онысын видеоға түсіріп, әлеуметттік желіге жариялаймыз деп, қызды бопсалаған. Осы қылмыстық әрекеттерді ескерген судья "зорлау" және "бопсалау" бойынша қос бірдей баппен жаза тағайындап отыр.


"Кәмелетке толмаған екі сотталушы ҚР ҚК 120-бабының 3-бөлігі 3-тармағымен және 194-бабының 2-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылған. Оларға жалпы 5 жылдан бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Жазаны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді деп белгіледік.


Қазіргі таңда бұл үкім күшіне енген. Яғни, бұл үкім өзгеріссіз қалдырылады", - дейді Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әбинұр Қарабаев.




kaz.tengrinews.kz

 




Көрілген: 1001    Пікірлер: 0

сенбі, 14.09.2019, 12:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31