Қылмыс

Шымкентте қымбат көліктерді ұрлаумен айналысқан ағайындылар ұсталды

  • Сурет Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінен

    Сурет Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінен

Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қымбат автокөліктерді заңсыз айдап әкетумен айналысқан екі ағайындыны Шымкенттен ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ағымдағы жылдың тамыз айының басында Сарыағаш АПБ-не Ресей Федерациясының азаматы арызданып, Жібек жолы ауылының автотұрағынан оның "Тойота Ланд Крузер 200"маркалы автокөлігін айдап кеткендігін айтады. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 3,5 миллион Ресей рублін (20 миллион теңгеден астам) құрады.


Аталған жайт Сарыағаш ПБ-не ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық"бойынша тіркеуге алынып, қылмыстық іс қозғалды.


Қылмысты ашу мақсатында Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция және тергеу бөлімінің тәжірибелі қызметкерлері қатарынан жедел-тергеу тобы құрылды. Полиция қызметкерлері қажетті жедел-іздестіру шараларының барлығын тез арада атқарып шықты. Қылмыс орны мен бейнебақылау камералары мұқият тексеріліп, куәгерлерден сұрақ-жауаптар алынды.


Жедел түрде атқарылған шаралар нәтижесінде Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция қызметкерлері автокөлікті айдап кеткен күдіктілердің ізіне түсті. Олар Шымкент қаласында ұсталды. Ұсталған азаматтар, яғни екі ағайынды, мегаполис тұрғындары екені белгілі болды.


Сондай-ақ, көп ұзамай Түркістан облысының жедел уәкілдері іздестіру іс-шараларын тиянақты жүргізу барысында, Қарағанды қаласынан ұрланған көліктерді сатып алған азаматты да ұстады.


Қазіргі уақытта күдіктілер Түркістан облысына жеткізілді. Полиция қызметкерлері бұл қылмыстық топтың қымбат шетел маркалы көліктерін ұрлаудың басқа да жайттарына қатысы бар екендігін жоққа шығармайды. Ұсталған үш күдікті де қамауда.


Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


 




Көрілген: 1146    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.09.2019, 15:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31