Қылмыс

Шымкентте мектеп оқушысы 8 жасар қыз балаға азғындық жасаған

  • © CC0 / Jeevan

    © CC0 / Jeevan

Шымкентте жасөспірім 5 жылға сотталып кетті. 15 жастағы оқушы 8 жастағы қыз балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеті үшін айыпталған.

 

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы оқиғаның былтыр шілдеде болғанын баян етті.

 

Сотта келтірілген деректерге сүйенсек, сотталған оқушы жәбірленушінің ұйықтап жатқан сәтін пайдаланыпты. Бұл сұмдықты шырт ұйқыда жанында жатқан ересектер сезбеген.

 

Судья Әбинұр Қарабевтың мәліметінше, 8 жастағы қыз анасымен сол сәттерде сотталғанның үйінде пәтер жалдап тұрған екен.

 

Әбинұр ҚАРАБАЕВ, ШЫМКЕНТ қ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

 

- Түнгі уақытта көрші тұратын 8 жасар қызды тапчанда ұйықтап жатқанын пайдаланып, олар негізі сол тапчанда бірге жататындар. Соны пайдаланып, ұйықтап жатқан және дәрменсіз күйін пайдаланып оған қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер жасаған. Сотта яғни кәмелетке толмаған 15 жасар жігіттің кінәсі толығымен дәлелденді.

 

Қыздың анасы, сотталған оқушыға кешірім беріпті.

 

Алайда, аса ауыр қылмыс санатына жататындықтан бұл оны ақтап алуға негіз емес,- деді судья.

 

Тек оқушының кәмелет жасына толмағандығы  ескеріліпті. Үкім әлі күшіне енген жоқ.

 

Айта кетейік, былтыр осыған ұқсас 7 іс қаралып, үкім шыққан. Биылғы төрт айда бұл екінші іс болып отыр.

 

 

 

astanatv.kz




Көрілген: 578    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.05.2021, 17:58

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30