Қылмыс

Шымкентте өгей әке 15 жастағы қызын жүкті етіп қойған

  • Фото: Diomedia

    Фото: Diomedia

Шымкентте өгей әкесі 15 жастағы қызды зорлап келген. Жантүршіктірерлік жағдай жасөспірімнің аяғы ауырлап қалған соң белгілі болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Сот процесі барысында ер адамның бұрынғы некесінен кәмелетке толмаған қызы бар әйелге үйленгені белгілі болды.

 

Ерлі-зайыптылардың отбасында ортақ үш баласы өмірге келген. Алайда 2019 жылы әйелінің жоқтығын пайдаланған өгей әке 15 жастағы қызды зорлаған.

 

Зардап шегуші масқара болудан әрі ер адамнан қорқып, болған оқиғаны бірден айта алмапты. Алайда жантүршігерлік жағдайдан соң жас қыз жүкті болып қалған.

 

Көрген зорлығын анасына айтып берген соң әйел полицияға арыз жазған. Ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол кінәсін тек жартылай мойындапты.

 

Шымкенттің мамандандырылған ауданарлық қылмыстық соты істі толық зерттеп, айыпталушыны Қылмыстық кодекстің 120 бабы, 3 бөлімі, 3 тармағы бойынша кінәлі деп таныған.

 

Сотталушы енді алдағы он жылын темір тордың ар жағында өткізеді. Ол жазасын қауіптілігі жоғары, қатаң режимдегі колоноияда өтейтін болады.

 

"Сотталушы апелляциялық шағым жасады. Алайда Шымкент қаласы қылмыстық істер бойынша алқабилері үкімді бастапқы күйінде, өзгеріссіз қалдырды", - деді мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты.

 

Еске сала кетсек, Шымкент қаласында 47 жастағы азамат 13 жастағы қызын төрт жыл бойы зорлап келгені үшін 17 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

 




Көрілген: 2567    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.03.2020, 22:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30