Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Шымкентте полиция бөлімінің басшысы 2 млн теңге алу кезінде ұсталды

27 желтоқсан 2022, 17:47

Шымкент қалалық полиция департаменті Абай аудандық полиция басқармасы бөлім басшысы күдіктіден 2 млн теңге алу кезінде ұсталды. Полиция бұл ақпаратты растады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оrda.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, өзіндік қауіпсіздік басқармасы полиция қызметкерін алаяқтық қылмысына қатысы бар әйелден сот үкімінің оң шешілуіне жәрдемдесемін деп 2 млн теңге алып жатқан жерінен ұсталған. Күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабымен (190-бап) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталған.

 

«Құқық бұзушылықты жасаған қызметкер уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды» делінген полиция хабарламасында.

 

Оқиға 25 желтоқсан күні болған.

 

Қалалық соттың Orda.kz тілшісіне хабарлауынша, қалалық тергеу сотына полиция қызметкеріне қатысты іс түспеген. Оның бас шарасы туралы сот қаулысы шықпаған.

 

Бұдан бұрын Шымкент қалалық полиция департаменті жанындағы патрульдік полиция полкі рота командирлері пара алу кезінде ұсталған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі олардың үстінен «Пара алу» бабымен, ал командирлерге пара берген инспекторлардың үстінен «Пара беру» бабымен  іс қозғаған.