Қылмыс

Шымкентте такси жүргізушісі жолаушы қызды ұрып-соғып, зорлаған

  • © Sputnik / Табылды Кадырбеков

    © Sputnik / Табылды Кадырбеков

Шымкент тұрғынына шабуыл жасаған такси жүргізушінің кім екені әлі анықталған жоқ, деп хабарлайды полиция департаменті."Қазір күдіктінің кім екенін анықтау үшін жедел іздеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалған", - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.


Полицейлердің айтуынша, бұл дерек 27 тамызда сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 120-бабы 1-бөлімі бойынша тіркелген.


Шымкентте такси жүргізушісі қызды зорлағаны туралы "НеМолчиKZ" қозғалысының негізін қалаушы Дина Смайылова айтып берді. Ол жәбірленушінің көптеген жарақат алғанын дәлелдейтін суреттерді қоса жариялап, әлеуметтік желіде пост жазған.



"Қыз құрбыларымен бірге дәмханада туған күнін атап өткен, кеш біткен соң оны сол дәмхананың жанында тұрған таксилердің біріне отырғызып жібереді", - деп атап өтті ол.


Смайылованың айтуынша, таксист қызды аямай ұрып-соғып, зорлап тастаған.


Қоғам белсендісі құқыққорғаушылардың күдіктіні бірнеше күннен бері таба алмай жатқанына назар аударды. Оның сөзіне сүйенсек, сол ауданда бақылау камералары өте көп көрінеді.


sputnik





Көрілген: 846    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.09.2019, 09:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30