Шымкентте тонаушылар жалдаған пәтерден ұрланған банкомат табылды

12 қаңтар 2022, 11:05

Шымкентте сауда орталығын талқандаған тонаушылар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

 

Тәртіп сақшылары жалдамалы пәтерден Түркістан облысының төрт тұрғынын ұстаған. Айғақ ретінде ұрланған заттар: тұрмыстық техника, азық-түлік, ішімдік және гигиеналық заттар тәркіленген. Сондай-ақ, тәртіпсіздіктер кезінде банкомат ұрланған.

 

Сонымен қатар, полицейлер сауда орталығынан ұрлық жасаған тағы бір күдіктіні ұстады.

 

"Ол ұрланған заттарды өзі жұмыс істейтін көлік жуу мекемесінің демалыс бөлмесіне тығып қойғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта деректер бойынша тергеу жүріп жатыр", - деді Шымкент қаласының коменданты Ералы Жұмаханбетов.