Қылмыс

Шымкентте төрт жасар қызды зорламақ болған азғынға үкім шықты

  • Көрнекі сурет

    Көрнекі сурет

Шымкентте төрт жасар қызды зорламақ болған ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Қыз оқиға орнында көз жұмды, ал педофил 12 жылға сотталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына қаланың Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

 

Хабарламада қылмыстық оқиға 2019 жылы болғаны айтылған. Шымкент соты қылмыскерді кінәлі деп таныған. Сондай-ақ, педофил 10 жыл мерзімге кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты педагогикалық лауазымдар мен қызмет атқару құқығынан айырылды.

 

"2020 жылдың 1 шілдесінде Шымкент қаласының Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының үкімімен Қылмыстық кодекстің "Кәмелетке толмағандарды зорлау" бабы бойынша айыпталушы кінәлі деп танылды. Ол орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен 12 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада. 




Көрілген: 499    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.07.2020, 14:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30