Қылмыс

Шымкентте туған әкесінен бала босанған қызға қатысты тың деректер пайда болды

  • Шымкентте туған әкесінен бала босанған қызға қатысты тың деректер пайда болды

    Шымкентте туған әкесінен бала босанған қызға қатысты тың деректер пайда болды

Шымкентте туған әкесінен жүкті болып, қыз босанды деген мектеп оқушысы жайында енді басқаша мәліметтер пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия бірінші" арнасына сілтеп хабарлайды.

Қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиеваның айтуынша, оқушының жасы 15-те емес 17-де көрінеді. Әрі өз әкесінен жүкті болды деген әңгіме шындыққа жанаспайды екен. Бірақ, бойжеткеннің кімнен көтеріп қалғаны белгісіз. Туыстары полицияға шағымданбағандықтан, іс жарты жолда қалып қойған. 

 
"Шындығына келгенде ол 11-сыныптың оқушысы. Қыздың жасы 17-де болған. Өздеріңіз білесіздер, 16 жасқа дейінгі сол ерте жүктілікке жатады. Қыздың жасы 17-ге келген. Ата-анасының немесе басқа да жақтардан және құзырлы органдардан сұрадық. Ешқандай арыздар келіп түспеген", - деді қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева.

Сондай-ақ, қаланың бас педагогы бұл жағдайдың ақпан айында болғанын айтты. Шәкіртінің аяғы ауыр екенін сезген мұғалімдері оны кешкі мектепке ауыстырыпты. Қазіргі таңда нәресте қыздың анасының қамқорлығында екен.

Бұған дейін 15 жастағы мектеп оқушысының бала босанғаны туралы ақпарат тарады. Сол кезде Шымкент қалалық білім басқармасының бас маманы  оқушының жүктілігіне  әкесінің қатысы бар болуы мүмкін деген еді.

Кейін немересінің әкесі атанған еркек азғындығы жұртқа жария болған соң, өз-өзіне қол жұмсағаны белгілі болды.




Көрілген: 835    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.11.2020, 11:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31