Қылмыс

Шымкентте зейнеткерді зорламақ болған қаскөйдің сөзі жарияланды

  • https://liter.kz/

    https://liter.kz/

Шымкентте 70 жастағы зейнеткерді зорламақ болды деген күдікпен ұсталған ер адам арам ойынан неге айнып қалғанын айтып берді.

 

"Шештім, қалтасын  қарап едім, мың теңге шықты. Шалбарымды шештім. Сол кезде дауысты естіп, есіктен шығып кеттім", - дейді күдікті.

 

Азғын айтпаса да, оның әрекеті камераға анық түскен.

 

Осы үйдің тұрғыны, 70 жастағы әйел ішке кіргенде артынан бірге кірген азамат оны буындырған. Есінен танып құлаған соң, қалтасын тексеріп, өзі айтқандай мың емес, зейнеткердің 8 мың теңгесін алыпты. Содан кейін ғана есінен танған әйелді шешіндіріп, зорлауға әрекет еткен.

 

Ол есін жиған кезде бірнеше мәрте бетінен ұрғаны да көрініп тұр.

 

Азғын дегеніне жеткен жоқ. Подъезд ішінен дауыс естілген соң ізін суытқан.

 

Қазір зейнеткердің жағдайы жақсы.

 

Ал күдікті уақытша қамау абақтысында отыр.

 

"Қылмыстық кодекстің 190-бабының 2-бөлігінде және 120-баптың 1- бөлігінде көрсетілген тонау және зорлауға оқталу бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық әрекеттері дәлелденсе, 8 жылға дейін бас бостандығынан айру жазасы көзделген", - дейді ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

 

 

 

ktk.kz




Көрілген: 396    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.12.2020, 15:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31