Қылмыс

Шымкентте зейнеткерді зорламақ болған күдіктінің айтқаны...

  • Шымкентте зейнеткерді зорламақ болған күдіктінің айтқаны...

    Шымкентте зейнеткерді зорламақ болған күдіктінің айтқаны...

Шымкентте зейнеткерді зорламақ болған азғын ұсталды. Күдікті 70 жастағы кейуананы қалай торуылдап, арам ойынан неге айнып қалғанын да тәптіштеп айтып берді, - деп хабарлайды КТК арнасы.

- Шештім, сөйтіп ұстадым да, сонымен қалтасына қарадым. Мың теңге шықты. Шалбарымды шетім. Шешіп жатқан кезде дауыс естіп, тұрдым да, есіктен шығып кеттім, - дейді қылмыскер.

Азғын айтпаса да, оның әрекеті камераға анық түскен. Осы үйдің тұрғыны, 70 жастағы әйел ішке енгенде артынан бірге кірген азамат оны буындырған. Есінен танып құлаған соң, қалтасын тексеріп, өзі айтқандай мың емес, зейнеткердің 8 мың теңгесін алыпты. Содан кейін ғана есінен танған әйелді шешіндіріп зорлауға әрекет еткен. Ол есін жиған кезде бірнеше мәрте бетінен ұрғаны да көрініп тұр. Азғын дегеніне жеткен жоқ. Подъезд ішінен дауыс естілген соң ізін суытқан. Қазір зейнеткердің жағдайы жақсы. Ал күдікті уақытша қамау абақтысында отыр.

- Аталған фактімен ҚК 190-бабының 2-бөлігімен және 120-баптың 1- бөлігінде көрсетілген тонау және зорлауға оқталу бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық әрекеттері дәлелденсе, 8 жылға дейін бас бостандығынан айрылу жазасы көзделген. Тергеу амалдары жалғастырылуда, - деді ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.




Көрілген: 3882    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.12.2020, 10:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31