Қылмыс

Шымкентте зорлық жасап, жеті жыл бойы жасырынған күдікті ұсталды

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

 Шымкент қаласында криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында топпен бірге зорлық жасап, сот төрелігінен жасырынып жүрген күдіктіні ұстады.

 

Бұған дейін полиция оның үш серіктесін тұтқындап, қылмыстық жауапкершілікке тартқан еді. Олар 2014 жылдың наурыз айында Шымкент қаласының Игілік ауылында Москвич-412 автокөлігінің салонында 23 жастағы таныс қызды зорлаған.

 

Қылмыскерді іздеуге республиканың қалалары мен облыстарының полиция департаменттерінің жеке құрамы бағытталды.

 

Күдіктінің тұрған жерін анықтап, ұстау үшін көршілері мен туыстарынан, жақын достары мен таныстарынан, бұрынғы серіктестерінен жауап алынды. Ол бой жасыруы мүмкін мекен-жайлар тексерілді.

 

Тергеу органдарынан жасырынған күдіктіге мемлекетаралық, содан кейін халықаралық іздеу жарияланды. Оның бой тасалауы мүмкін елдерге - Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей Федерациясының ІІМ-не бағдарлар жолданды.

 

Қылмыс жасалғанға дейін күдікті Ресей аумағына бірнеше рет барғаны анықталды. Осыған байланысты қазақстандық детективтер көрші елге іссапарға барды.

 

Соған қарамастан, 7 жыл іздеуден кейін жедел полиция қызметкерлері қашқынның орналасқан жерін анықтап, оны Шымкент қаласында, "Эврика"сауда орталығының жанында тұтқындады.

 

Ұсталған күдікті бой тасалап жүргенде туыстарымен және достарымен араласуын тоқтатқан. Әртүрлі қалаларда жалдамалы пәтерлерде тұрып, пәтерлер мен үйлерді жөндеумен айналысқан.

 

Әшкере болып қалмас үшін ол үнемі қалпақ, қара көзілдірік киіп, мұрт пен сақалын өсірген. Адамдар көп жиналатын жерлерге, қоғамдық орындарға бармайтын болған.

 

Қазіргі уақытта күдікті Шымкент қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

 

 

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің баспасөз қызметі




Көрілген: 476    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.06.2021, 20:07

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31