Қылмыс

Шымкенттік әке өз балаларын жарып жібермек болған

  • Шымкенттік әке өз балаларын жарып жібермек болған

    Шымкенттік әке өз балаларын жарып жібермек болған

Шымкентте мас ер адам екі баласын бөлмеге қамап, газ баллонды жарып жібермек болды. Бұл туралы  "Хабар 24" мәлімдеді.

Мұндай қадамға ол отбасындағы кикілжіңнен кейін барған.

ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 17 қазанда сағат 15:45-те болған. 

Учаскелік полицияның "101" пультіне Еңбекші ауданының Айнатас тұрғын үй алабының тұрғыны өз-өзіне қол жұмсағысы келетінін хабарлаған. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 42 жастағы үй иесінің мас күйде суицид жасамақ болғанын анықтады. Ол отбасылық жанжалдан кейін 50 литр газ баллонын ашып, 4 және 8 жастағы екі баланы бөлмеге қалдырған. Кез келген минутта жарылыс болу қаупі туындады, - делінген хабарламада.

 
Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 5 адам мен Апаттар медицинасы орталығы филиалының арнайы бригадасы тартылды.

 

Жағдайдың қауіпті екенін түсіне отырып, №7 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Ербол Небесаев жедел әрекет етті. Ол өзге қызметкерлермен бірге бөлмеге жүгіріп кіріп, газ баллонының кранын жапқан. Баллонды далаға шығарып, балаларды қауіпсіз жерге эвакуациялаған. Балалардың жағдайы тексеріліп, оларға медициналық көмек керек еместігі анықталды. Олар анасымен бірге үйінде қалды. Ал үй иесін Еңбекші ауданының полициясы алып кетті, - делінген хабарламада.


BAQ.KZ




Көрілген: 379    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.10.2020, 09:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30