Қылмыс

Шымкенттік азғын туған қызын төрт жыл бойы зорлап келген

  • https://kaz.nur.kz/

    https://kaz.nur.kz/

Шымкентте кәмелетке толмаған қызын зорлап жүрген азаматқа қатысты сот отырысы өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Сот тергеуі барысында анықталғандай, 47 жастағы азамат шамамен бес жыл бұрын 13 жасқа енді толған туған қызын алғаш рет зорлаған.

 

Кейіннен баланы қорқытып, төрт жыл бойы төсек қатынасына тартып жүрген.

 

Өткен жылдың күзінде Шымкенттегі оқу орындарының бірінде білім алатын 17 жастағы бойжеткен сабақта кідіріп қалады. Ал әкесі оған хабарласа алмай, ашуға булығады.

 

Қыз үйге оралған сәтте азамат айғайға басып, оны үйден қуып шығады. Анасы оралғанша сыртта жүрген бойжеткен оған бар шындықты айтып береді. Келіншек бірден полицияға арыз тастайды.

 

Көп ұзамай азамат ұсталып, тұтқындалды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

 

Сот талқылауын жүргізу барысында сотталушыға арнайы медициналық-психиатрлық сараптама жүргізілді. Нәтижесінде ол ресми түрде педофил болып танылды.

 

"Сот оны кінәлі деп тапты. Ол 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады. Химиялық кастрация да тағайындалды", - деді Шымкент қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған аулан аралық сот судьясы Әбинұр Қарабаев.

 

 




Көрілген: 1204    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.02.2020, 19:53

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29