Қылмыс

СҚО әкімдігінің шенеунігі әйелімен бірге қаржы жымқырды деп күтіктелуде

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Солтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық Қаржы басқармасы басшысының орынбасарының бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Ол өз жұбайымен алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен үлестес кәсіпорын арқылы әрекет жасаған. Жер учаскесін бөлу бойынша жерге орналастыру жобаларын дайындауға жалған шарттарға қол қою арқылы 83 млн теңге сомасында бюджет қаражатын алдап жымқырған деген күдікке ілініп отыр», - делінген агенттіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Агенттік мәліметіне сәйкес, тергеу нұсқасына сай ол 70 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған. Оның бір бөлігін АҚШ долларына айырбастап, жол талғамайтын қымбат көлік сатып алған.


«Осы жылдың 19 маусымында бюджет қаражатының 19,5 млн теңге сомасындағы кезекті траншын қолма-қол ақшаға айналдыру кезінде аталмыш шенеуніктің жұбайы ұсталды», - деді ведомстводан.


Шенеунік уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде.


Оның зайыбына қатысты кінәсін толық мойындауына және екі жас баласының бар болуына байланысты процессуалдық ұстау шарасы қолданылмаған.


Тергеу жалғасуда.


 




Көрілген: 285    Пікірлер: 0

жұма, 21.06.2019, 16:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31