Қылмыс

СҚО-да 18 жастағы жігітті қағып өлтірген көлік жүргізушісі іздестірілуде

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Солтүстік Қазақстан облысында 18 жастағы жігітті көлігімен қағып, мерт қылған жүргізуші іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 7 маусым күні түнгі сағат бір шамасында болған.

 

М.Жұмабаев ауданы Полудино елді мекенінің маңында 2002 жылы туған жігітті көлік қағып кетіп, жүргізуші оқиға орнынан ізін суытқан. Ер бала алған жарақатынан аудандық орталық ауруханада көз жұмды.

 

Әлеуметтік желіде осы оқиғаға куә болғандар іздестіріліп жатыр. Жазбаға қарағанда жігіт екі сағат жол жиегінде жатып қалған. Оны өтіп бара жатқан жүргізушілердің бірі байқаған.

 

«Бұл дерек «Көлік құралын басқарған тұлғаның жол қозғалысы ережесін бұзуынан абайсызда адам өліміне әкелу» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Сотқа дейінгі тергеу барысында бірнеше сараптама тағайындалды. Бұл қылмысты ашуға байланысты жұмыстар ерекше бақылауға алынды. Қазіргі уақытта жол апатына кінәлі жүргізушіні анықтау мақсатында жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр», - делінген СҚО ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

 




Көрілген: 303    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.06.2020, 01:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31