Қылмыс

СҚО-да елді «аруақ шақырып емдеген» екі әйел ұсталды

  • СҚО-да елді «аруақ шақырып емдеген» екі әйел ұсталды

    СҚО-да елді «аруақ шақырып емдеген» екі әйел ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшылары діни заңнаманың сақталуына бақылау жүргізу нәтижесінде, жыл басынан бері 7 құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанда тыйым салынған «Ата Жолы» оккульттік-мистикалық діни ағымды ұстанушы – Петропавл қаласының екі тұрғыны жұртқа дәстүрлі емес емдеу қызметін көрсеткен. Сеансқа келгендерді аруақ шақырып емдеймін деп уәде еткен екі әйел енді 50 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

 

«YouTube» видеохостингіне мониторинг жүргізу барысында діни сипаттағы бейнематериалдарды таратудың дерегі анықталды. Осыған байланысты Петропавл қаласының 50 жастағы тұрғынына қатысты әкімшілік материал жиналды. Мамандандырылған әкімшілік соттың шешімімен оған діни әдебиетті және діни мазмұндағы басқа материалдарды таратуға үш ай шектеу қойылды және 132 мың теңгеден астам мөлшерде айыппұл салынды.

 

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңына сәйкес діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тек қана ғибадат үйлерінде, діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар арнайы белгілеген тұрақты үй-жайларда таратуға болады. «Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жалғасады. Жыл басынан анықталған 7 факті бойынша 6 адамға 50-ден 100-ге дейінгі АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Бір материал сараптамаға жіберілді», дейді СҚО ПД ЭҚІҚБ бастығының міндетін атқарушы Алмас Шитқанов.




Көрілген: 305    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.07.2020, 08:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31