Қылмыс

СҚО-да жыл басынан полицияның 5 қызметкері парамен ұсталды

  • ФОТО: SOCHISTREAM.RU

    ФОТО: SOCHISTREAM.RU

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев патрульдік полицейлермен кездесіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында әңгімелесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция ведомствосының басшысы Марат Төлебаев жергілікті полиция қызметінің патрульдік полицейлерімен және оның басқа да бөлініс қызметкерлерімен кездесті. Мақсат &ndash қызметкерлердің тәртіпті және заң бұзуына жол бермеу, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Полиция полковнигі погон таққан заң бұзушыларға қатысты өзінің бірбеткей позициясын білдірді.

«Қыркүйек айында патрульді полиция қызметкері сыбайлас жемқорлыққа жол беріп, ұсталды. Ол әкімшілік жауапкершіліктен босату үшін пара алды деп күдіктелуде. Оның ісі тәртіптік комиссияның отырысында қаралды. Қатаң шара қызметкерге ғана емес, оның бірқатар бастықтарына да қолданылды», - деді Марат Төлебаев.

Жыл басынан СҚО-да полицияның бес қызметкері сыбайлас жемқорлыққа жол берді. Олардың бір бөлігі - патрульді полиция қызметкерлері.

«Портативті бейнетіркегіштерді дұрыс қолданбауға және бекітілген патрульдеу бағытынан ауытқуға жол бермеу керек. Патрульдік автомашиналардағы стационарлық бейнекамералар бейнені ғана емес, дауысты да жазады, бұл - полиция жұмысының ашықтығын көрсетуі тиіс», - деді полиция ведомствосының басшысы.

Жеке құраммен кездесу барысында Марат Төлебаев қызметкерлерге халықпен сыпайы сөйлесіп, қажет болған кезде олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда көмек көрсету керектігін ескертті. Өйткені тәртіп сақшыларының басты міндеті &ndash ықпал ету шараларын қолданып жазалау емес.

Облыстың бас полицейінің айтуынша, ведомство жұмысына цифрлық ресурсты енгізудің сыбайлас жемқорлықпен күресте берері мол. Әлеуметтік желіде де халықпен кері байланыс орнатылған, департамент, басқарма басшылары үнемі тікелей эфирге шығып, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп жүр. Қызметкерлердің заңсыз әрекеті жайлы СҚО ПД ресми аккаунттарына да хабарлауға болады.




Көрілген: 481    Пікірлер: 0

жексенбі, 04.10.2020, 09:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30