Қылмыс

СҚО-да пакетке салынған шақалақтың өлі денесі табылды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Солтүстік Қазақстан облысында пакетке салынған шақалақтың өлі денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

 

25 ақпан күні Тайынша ауданының полиция бөліміне аудандық ауруханадан Обуховка ауылында жаңа туған сәбидің денесі табылғаны туралы хабарлама түскен.

 

«Жедел-тергеу тобы оқиға орнын тексеру барысында есік алдындағы қора-қопсының артқы жағына жасырылған пакеттен зорлықпен өлтірілген қыз баланың мәйітін тапты. Іс сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 100-бабы (Жаңа туған баланы анасының өлтіруі) бойынша тіркелді. Күдікті Обуховка ауылының 1992 жылы туған тұрғыны екені анықталды. Ол аудандық ауруханаға жатқызылды. Өлім себептерін анықтау үшін жаңа туған нәрестенің мәйіті сот-медициналық сараптамаға жіберілді», - делінген ақпаратта.

 

 




Көрілген: 161    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 26.02.2020, 17:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31