СҚО-да зейнеткердің 19 млн теңгесі бар сөмкесін ұрлап кетті

23 желтоқсан 2021, 23:35

Петропавлдық полицейлер ұры іздестіруде, деп жазады

Оқиға 21 желтоқсан кешке Солнечный ауылындағы 5-ші үйдің жанында болған.

«Қылмыскер 73 жастағы зейнеткердің ішінде 19 миллион теңгесі бар сөмкесін ұрлаған. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіміне Қылмыстық кодекстің 191-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы («тонау») бойынша тіркелді. Қазір күдіктіні анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қарт әйелдің айтуынша, ол қылмыскердің бет-жүзін есіне сақтай алмаған. Алайда шабуыл жасағанның бойы шамамен 170 сантиметр, сырт киімінің ұзындығы белге дейін болғанын айтып берген.

aikyn.kz