Қылмыс

СҚО полицейлері қызға шабуыл жасаған 49 жастағы күдіктіні ұстады

  • СҚО полицейлері қызға шабуыл жасаған 49 жастағы күдіктіні ұстады

    СҚО полицейлері қызға шабуыл жасаған 49 жастағы күдіктіні ұстады

СҚО полицейлері қызға шабуыл жасаған 49 жастағы күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қаласы Полиция басқармасында Жамбыл көшесі бойындағы үйдің кіреберісінде 19 жастағы қызға шабуыл жасады деген күдікпен іздестірілген 49 жастағы ер адамды қалай ұстағандарын толық айтып берді.

Аталған факті бойынша арыз полицияға 5 сәуір күні түскен. Белгісіз қылмыскерді іздестіруге қалалық және облыстық полицияның барлық жеке құрамы бағдарланды. Криминалдық полицияның жедел уәкілдері және сарапшы-криминалистер жеке жоспар бойынша жұмыс істеді. Осы уақытта қала тұрғындары әлеуметтік желі топтарында және мессенджерлер чаттарында қызға жасалған шабуыл туралы хабарламаны бір-біріне таратып жатты.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде шабуыл жасауда күдікті “ізін суытпай” анықталып, Порфирьев көшесінде қолға түсті.

Ер адам Полиция басқармасына жеткізілді.

Ұсталған бұрын бірнеше рет сотты болған облыс орталығының 1972 жылғы тұрғыны болып шықты. Ол үйдің кіреберісінде қызға шабуыл жасағанын және пышақпен қорқытқанын мойындады. Алайда бойжеткен белсенді қарсылық көрсеткен, шуды естіген көрші әйел пәтерінен шыққан кезде, ер адам қашып кеткен.

Басталған сотқа дейінгі тергеу шеңберінде, ұсталған күдікті ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы тәртібінде уақытша қамауда ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта мән-жайды толық және жан-жақты зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады.




Көрілген: 446    Пікірлер: 0

жұма, 09.04.2021, 10:31

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Сәуір, 18:30
    Құдаша үшін қырғын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31