Қылмыс

Солтүстік Қазақстанда үйінде қару жасаған қария тұтқындалды

  • Солтүстік Қазақстанда үйінде қару жасаған қария тұтқындалды

    Солтүстік Қазақстанда үйінде қару жасаған қария тұтқындалды

Сараптама қорытындысы табылған заттардың қолдан жасалған гранатаның өздігінен жарылатын оқ-дәрілер түріне жататынын растаған

Солтүстік Қазақстан облысында зейнеткер үйде жарылғыш құрылғылар өндірісін ұйымдастырды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Шал ақын аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларын 63 жастағы ауылдасынан тәркілеген.

"Тимирязев ауданының орталығына келген тұрғыннан полицейлер пышақ пен пілтелі темір түтікше сияқты қолдан жасалған қаруға ұқсас затты байқаған. Тексеру барысында оның үйінен жарылғыш құрылғылар жасауға арналған басқа да заттар, патрон мен қолдан жасалған екі граната табылды", – делінген хабарламада.
Сараптама қорытындысы табылған заттардың қолдан жасалған граната мен жою қарқыны жоғары және термиялық деструктивті әсері бар өздігінен жарылатын оқ-дәрілер түріне жататынын растады.

Қазіргі кезде тергеу әрекеттері жүргізілуде. Шал ақын аудандық соты күдіктіні қамауға алу жөнінде шешім қабылдады.

Аталған фактілердің негізінде Қылмыстық кодекстің 287-бабы бойынша (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кетейік, қолданыстағы заңда мұндай әрекет үшін кінәліге 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл (1 АЕК – 2 917 теңге) немесе сол мөлшерде түзеу жұмысына тарту, бес жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

sputnik.kz




Көрілген: 464    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.06.2021, 10:59

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30