Қылмыс

Сөмкесінен екі бума ақша шықты – әкімдіктің лауазымды тұлғасы ұсталды

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Ақтөбе қаласы әкім аппаратының лауазмды тұлғасы парамен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеунікті ұстау видеосын жариялады, деп хабарлайды sputniknews.kz тілшісі.

 

Видеода құқық қорғаушылардың сөмкеден екі бума ақшаны алып шыққанын көруге болады. 10 000 теңгелік купюраларды үш үстелге жайып тастады.

 

ВИДЕО:  www.youtube.com/watch

 

 

Агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, ұсталған шенеунік – "Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде істейтін жетекшілердің бірі. Ол мекеме қызметкерлері мен жеке кәсіпкерлермен алдын ала сөз байласу арқылы 9,9 миллион теңгенің бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айыпталып отыр.

 

"Лауазымды тұлға 2019 жылдың қазан айы мен 2020 жылғы наурыз айы аралығында мемлекеттік сатып алулар бойынша жалған келісімшарттар жасап, бюджет қаражатын ұрлаған. 6 наурыз күні ол мердігерлік ұйымдардан 1,9 миллион теңгені алу кезінде ұсталды", – дейді Биғайдаров.

 

Оның айтуынша, шенеунікті екі айға қамауға алды. Тергеу шаралары жалғасуда. Соңғы шешімді сот шығарады.


 

 




Көрілген: 673    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.05.2020, 15:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31