Қылмыс

Сот Елжан Біртановты үйқамақта ұстау шарасын күшінде қалдырды

  • https://tengrinews.kz/

    https://tengrinews.kz/

Нұр-Сұлтан қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Елжан Біртановты үйқамақта ұстау бұлтартпау шарасын күшінде қалдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Бүгін Нұр-Сұлтан қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы тергеу сотының 2021 жылғы 6 мамырдағы Е.Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін 8 айға, яғни 2021 жылдың 14 маусымына дейін ұзарту туралы санкция берілген қаулысына оның қорғаушыларының жеке шағымдарын қарады. Адвокаттар бұлтартпау шарасын ұзартудан бас тартуды сұрады. Сот алқасы тергеу сотының қаулысымен келісіп, оны өзгеріссіз қалдырды», - делінген Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

 

Айта кетейік, сот үйқамақта отырған Е.Біртановқа оның асырауында бес адам, оның үшеуі жас бала және қарт ана екенін ескере отырып, өмірге қажетті іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін үйден сағат 8-ден 19-ға дейін шығуға рұқсат берген еді.

 

Өткен жылы бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қамауға алынды.

 

Оған қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеліп жатыр.

 

 




Көрілген: 587    Пікірлер: 0

жұма, 14.05.2021, 20:33

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30