Сотта "ірі қаржы пирамидасының" ісі неге прокурорға қайтарылғаны айтылды

10 желтоқсан 2021, 00:03

Нұр-Сұлтан сотында Ішкі істер министрлігінде "Қазақстан тәуелсіздігі тарихындағы ең ірі қаржы пирамидасы" деп аталған Questra World компаниясына қатысты қылмыстық іс неге прокурорға қайтарылғаны туралы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сот соталды тергеп-тексеру органы жіберген заңбұзушылықтар істі қарауға кедергі келтіретін мынадай жайттар анықталды:

  • іс бойынша залал мөлшері белгіленбеген;
  • айыптау актісі тараптар іспен танысқанға дейін жасалды, содан кейін тараптардың өтініштері шешілуі керек еді;
  • тараптар мәлімделген өтініш бойынша шешім қабылданған жоқ;
  • қылмыстың жасалған жері де, уақыты да анықталмаған, қылмыстың жасалу тәсілі мен басқа да мән-жайы көрсетілмеген;
  • күдіктілер мен олардың қорғаушылары қылмыстық істі қайта бастау және қосымша тергеу жүргізу туралы хабардар болмаған;
  • айыпталушылардың бірі іспен таныспаған;
  • іс материалдары толық оқу мүмкіндігі қарастырылмайтындай рәсімделген", - делінген сот жауабында.


Қазір іс прокурордың өтініші және жәбірленушілердің жеке шағымдары бойынша апелляцияда жатыр. 

 
Сот 11 қарашада Questra World компаниясының "Қазақстанның тәуелсіздік тарихындағы ең ірі қаржы пирамидасы" туралы ісін прокурорға қайтарды. Ақпаратты Нұр-Сұлтан сотының баспасөз қызметі растады.