Қылмыс

Сотталушылар арасында жанжал туып, бір адам көз жұмды

  • http://spring96.org/

    http://spring96.org/

Темір торда сотталушылар арасында жанжал туып, бір адам көз жұмды. Қанды оқиға бүгін Алматы облысындағы орташа қауіпсіздік мекемесінде, тәртіптік изолятордың камерасында болған. Сөзге келген олардың бірі екіншісінің денесін жарақаттаған көрінеді. Бастапқыда мекеме қызметкерлері зардап шеккен азаматқа медициналық көмек көрсеткенімен, жедел-жәрдем қызметі ол адамның өлгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

 

Мән-жайды анықтау мақсатында жедел-тергеу тобы, прокуратура өкілдері және облыстық қылмыстық атқару жүйесінің департамент басшылығы жұмыс жүргізіп жатыр.

 

«Жазасын өтеп жатқан екі адам да бұрын сотталған. ҚР ҚК-ның 191-бабының 2-бөлігі «Тонау» және 192-бабының 2-бөлігі «Қарақшылық» бойынша жазасын өтеп жатқан. Олар ұстау тәртібін қасқана бұзушы деп таныған. Сондай-ақ, 3-ші теріс мінез құлыққа ие. Барлық материалдар тіркеліп, қазір қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр»,  – деді ҚР Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз хатшысы Ақерке Жаубасарова.

 

 




Көрілген: 490    Пікірлер: 0

жұма, 09.04.2021, 19:18

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Сәуір, 18:30
    Құдаша үшін қырғын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31